×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Есірткі сатқыштардың бәрі қазір Telegram-чаттарда отыр – министр

08.11.2021, 11:19
Фото: Ашық дереккөзден

Заманға қарай есірткі сататын қылмыскерлер де өз әрекетін жаңаша іске асырып жатыр, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Жаңа синтетикалық есірткі түрлерінің бәрі үшін қазір қылмыстық жауапкершілік бар. Қазір бізде есірткі барондары, өткізушілер мен сатып алушылар «жоқ». Бәрі де интернет арқылы Telegram-чаттарға кетіп қалды. Көп жағдайда ол Telegram-чаттар Қазақстаннан тыс аумақта», - деді ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәжілісте өткен үкіметтік сағатта.

Ол сонымен қатар бұл мәселе ішкі істер министрлерінің кеңесінде де талқыланғанын атап өтті.

«Есірткі сатушылар бойынша ақпарат алмасу жөнінде бірыңғай алгоритмде әзірлеу туралы шешім қабылданған. Қазір тікелей ақшамен емес биткойндармен немесе электронды ақшамен есеп айырысу жағдайы көбейіп кеткен. Мұнда сол есірткіні белгілі бір жерге қалдырып кететіндер бар. Алайда өткізушелердің дені ел сыртынды отыр», - деп қосты министр.

Серіктес жаңалықтары