×
475.18
510.72
5.47
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
475.18
510.72
5.47

Алматыда комаға түскен сарбазды емдеу үшін әке-шешесі Түркиядан дәрігер шақырып жатыр

29.05.2024, 18:24
RFE/RL

Алматыдағы Ұлттық ұланның 5571 бөлімінде былтыр құлап, комаға түскен, биыл сәуірде оянған сарбаз Ербаян Мұхтарды емдеу үшін әке-шешесі Түркиядан дәрігер маман шақырды. Бұл туралы Ulysmedia.kz тілшісіне анасы Гүлсім Қамиева айтты.

Ұлттық ұланның бүгін ақпарат таратып, "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы Ербаян Мұхтар Алматыдан Астанаға жеткізілетінін хабарлаған.

Толығырақ

– Жағдайы жақсармай, бейтарап күйде жатуына байланысты орталық қалалық клиникалық аурухана дәрігерлерінің консилиумы қатардағы жауынгер Мұхтарды одан әрі оңалту үшін Астананың Бас әскери клиникалық госпиталіне ауыстыруды ұсынды, - делінген хабарламада.

Ұлттық ұлан "сарбаздың анасы ауыр жағдайына байланысты ұлын тасымалдаудан бас тартты" деп ақпарат таратты. 

Анасы не дейді

Ulysmedia.kz тілшісі Ербаян Мұхтардың анасымен сөйлескен. Ол Астанаға баласын жеткізуге не үшін келіспей отырғанын айтты.

– Балам ұшақпен тасымалдауға жарамайды. Диагнозын жан-жақтағы мамандарға жіберіп, сондай шешімге келіп, Астанаға жеткізуден бас тарттым. Біз басқа адвокат жалдап жатырмыз. Балада пневмония, басында кистасы бар. Алып барғанға жарамайды. Ол жолға шыққаннан кейін бірдеңе болса, мені жауапты қылғалы отыр. “Бізде ем бітті, баланы жалпы палатаға шығарамыз” дейді. Жалпы палатаға шығарса, инфекция жұқтырып, жағдайы нашарлап кететінін білеміз ғой. Денсаулық сақтау министрлігіне хабарласып, 12-ші ауруханада емделетін болды. Ал негізі Түркиямен келісім жасап жатырмыз. Сол сомаға дәрігерлерді жібереміз деп отыр, – дейді ол.

Комаға түскен сарбаз

Еске сала кетейік, Алматыдағы Ұлттық ұланның 5571 бөлімінде былтыр құлап, комаға түскен, биыл сәуірде оянған сарбаз Ербаян Мұхтарды туған-туыстары Астанаға жеткізе алмай отыр. Ulysmedia.kz редакциясына хабарласқан олар президенттен көмек сұрап, үндеу жариялаған еді. 

Ербаянның анасы Гүлсім Қамиева мен әжесі Күләш Смайылова Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Жоғарғы сотқа, Қазақстан халқына тағы үндеу жариялады. Гүлсім Қамиеваның ұлы – қатардағы жауынгер Ербаян Мұхтар былтыр мамырда мерзімді әскери қызметке алынған. 2023 жылдың 4 желтоқсанында түнде Алматыдағы Ұлттық ұланның №5571 бөліміндегі дәретханада құлап, бас-миының ашық жарақатын алған. Орталық клиникалық ауруханасының анықтамасы бойынша, сарбаздың бас сүйегі жарылып, желке сүйегі сынған, ауыр ми жарақатын алған. Әскери бөлім «сарбаз дәретханада өзі құлап, басын кафельге соғып алды» деген. Ербаян Мұхтардың әкесі де, шешесі де бұл нұсқаға сенбейді.

Серіктес жаңалықтары