Премьер-министр Олжас Бектенов Қасым-Жомарт Тоқаевқа су тасқыны салдарын жою және қалпына келтіру жұмыстары жөнінде есеп берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Премьер-Министр Олжас Бектенов су тасқыны салдарын жоюға және зардап шеккен азаматтарды қолдау шараларын жүзеге асыруға бағытталған жоспарлы жұмыстар жөнінде баяндады.
Су тасқынынан зардап шеккен 30 770 отбасыға 100 АЕК көлемінде бірреттік төлем беру үшін 11 миллиард теңгеден аса қаржы бөлінген.
Зардап шеккен аймақ тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Жалпы, 15103 тұрғын үй тексеріліп, 11186 нысанды бағалау жұмыстары аяқталған.
Жаңа баспана
Өтемақы
Қазақстандағы су тасқыны
Еске сала кетейік, биыл бірнеше өңірді су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызған. Құлсары қаласында ең күрделі жағдай тіркеліп, адам шығыны тіркелді.
Премьер-министр, штаб жетекшісі осы ретте Олжас Бектенов жауаптыларға бірқатар тапсырма берген.
Ulysmedia.kz редакциясының бас редакторы су тасыған Құлсарыға барып, арнайы репортаж түсірген болатын.
Құлсарыдағы ереуіл
Әлеуметтік желіде тараған видеодан алаңға жиналған бір топ азаматты көруге болады. Бейнежазбадан олардың өте көп екендігі байқалады. Бұлар өз талабын айтып шыққан азаматтар. Олардың барлығының баспаналары су тасқыны кезінде жарамсыз болып қалған.
“Біз сауатсыз емеспіз. Қанағат қылып 400 мыңнан есептеп отырмыз. Соның ісіне сарайы да, қорасы да кіреді,” - деп өз талаптарын жеткізді.
Осы сөздерден азаматтардың әкімдік тарапынан берілетін өтемақыға көңілі толмайтынын аңғаруға болады. Ол өздерінің орта есебімен кететін шығынды 400 мыңға бағалап отыр.