×
475.03
517.21
5.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
475.03
517.21
5.44

Оқу-ағарту министрлігі шетелдіктердің қазақ балаларын асырап алғаны жөнінде деректі жоққа шығарды

30.05.2024, 19:30
Коллаж Ulysmedia.kz

Оқу-ағарту министрлігі бас прокуратураның бұған дейін таратқан ақпаратын жоққа шығарады. Құзырлы орган бұған дейін кейінгі жылдары соттар шетел азаматтарының бала асырап алу жөніндегі 12 талап арызын қарап, қанағаттандырғанын хабарлаған еді, деп жазады Ulysmedia.kz.

Брифинг барысында министрліктің балалардың құқықтарын қорғау комитеті басшысының орынбасары Жолдас Батырхан кейінгі жылдары шетел азаматтарының Қазақстанға бала асырап алуға қаншалықты жиі жүгінгені жөнінде сұраққа жауап берді.

Жауап

– Соңғы үш жылда ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бірде-бір бала шетелдіктерге асырап алуға берілген жоқ, - деп сендірді Жолдас Батырхан.

Қайшылық

2024 жылдың ақпан айында бас прокурор Берік Асылов Сенат депутаттарының қазақстандық балаларды шетелдіктердің асырап алуы туралы сұрауына жауап берген еді.

– 2021-2023 жылдардағы хаттамаларға сәйкес, республика соттары шетелдік азаматтарының қазақстандық балаларды асырап алу туралы 12 талабын қарап, қанағаттандырды (2021 жыл - 3, 2022 жыл - 8, 2023 жыл - 1), - деді Асылов.

Прокуратура сот актілеріне апелляциялық және кассациялық шағымдар берген жоқ.

Бұған дейін Сенат депутаты Дархан Қыдырәлі шетелдіктер асырап алған қазақстандық балалар туралы ақпараттың жоқтығын айтқан болатын.

Серіктес жаңалықтары