×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Словения Палестинаны тәуелсіз мемлекет деп таныды

30.05.2024, 22:15
Словения Палестинаны тәуелсіз мемлекет деп таныды
фото: Словения Үкіметінің парақшасынан

Словения Үкіметі 30 мамырда Палестинаның тәуелсіздігі мен егемендігін мойындау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Словения Үкіметінің баспасөз қызметі Х әлеуметтік желісінде (Twitter) хабарлады. 

"Бүгін Үкімет Палестинаның тәуелсіздігі мен егемендігін мойындау туралы шешім қабылдады және оны Ұлттық Ассамблеяға жіберді", – делінген хабарламада. 

Бұл шешімге Словенияның Сыртқы істер министрі Таня Файон да түсініктеме берді.  

"Палестинаны тану-екі мемлекет пен халықтардың әлемде бірге өмір сүруінің жалғыз жолы. Еуропа елдері арасында пікірлес адамдардың саны артып келеді және бұл Еуропалық Одақтың жанжалды шешуде белсенді рөл атқаратындығының айқын белгісі", – делінген әлеуметтік желідегі мәлімдемеде.  

Бұған дейін Испания үкіметі Палестинаны ресми түрде тәуелсіз мемлекет деп таныған еді.  

Бұған дейін

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Израиль мен ХАМАС Террористік қозғалысы арасындағы соғысты тоқтату үшін ауқымды Бейбітшілік конференциясын өткізуге шақырған еді.

"Таяу Шығыс - бұл дамудың кең перспективалары бар жер, бірақ әлі де соғыс жүріп жатыр", - деді Қытай басшысы Бейжіңде араб елдерінің өкілдеріне сөйлеген сөзінде. Оның сөздері Қытай СІМ сайты жариялады. 

Си Цзиньпиннен кейін сөйлеген сөзінде Египет президенті Абдель Фаттах ас-Сиси халықаралық қауымдастыққа Израильдің Газа секторындағы ХАМАСҚА қарсы соғысын тоқтатуға шақырды.