×
478.58
520.84
5.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.58
520.84
5.44

АҚШ пен Чехия бірігіп Ресей пропагандасына қарсы күреспек

31.05.2024, 00:20
Ашық дереккөзден

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен мен оның чех әріптесі Ян Липавский ынтымақтастық туралы меморандуымға қол қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz  DW агенттігіне сілтеме жасап.  

АҚШ пен Чехия жалған ақпаратқа,соның ішінде Ресей таратқан ақпаратқа қарсы күресте ынтымақтастықты күшейтпек. Тиісті меморандумға Прагада 30 мамыр, бейсенбіде АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен және оның Чех әріптесі Ян Липавский қол қойды. 

Липавский Чехия Ұлттық  ресейлік Voice of Europe интернет-платформасының жақында санкциялар тізіміне енгізілгенін еске салды. Блинкен Чехиямен жасалған меморандум жалған ақпаратқа қарсы тиімді күресуге мүмкіндік беретінін атап өтті.  

Ян Липавский сонымен қатар Кремль кибер соғыстарға, үгіт-насихатқа жүгініп, бүкіл әлемдегі демократияға ықпал етуді көздейді деп атап өтті.  

“Бұл қауіп-қатерлермен бірлесіп күресу керек” деді  Чехия СІМ басшысы.  

Энтони Блинкен НАТО Сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуіне қатысу үшін 31 мамырға дейін Прагада қалады. Американдық Мемлекеттік хатшы Чехия НАТО-ға кіргеннен кейін 20 жыл өткен соң альянсқа маңызды үлес қосып, оны "өмір мен мазмұнмен"толтыратынын атап өтті. 

Бұған дейін

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтан бүгін Ulysmedia.kz тілшісі Ресей мемлекеттік думасының вице-спикері Петр Толстойдың мәлімдемесіне түсініктеме беруді сұраған еді.

Дума депутаты таяуда берген сұхбатында "егер Ресей Украина тақырыбын біржақты етпесе, онда Қазақстан, Армения және басқа да қоршаған елдермен проблемалар туындайды" деген.

Жауап

– Осындай жайттар болған кезде біздің депутаттарымыз да өз жауаптарын беріп жатқанын білесіздер. Нақты ол депутаттың айтқанын естіген жоқпын. Әріптестерімнен естідім, өзім тыңдаған жоқпын. Тыңдап көрейік. Мұны мемлекеттік думаның емес, жеке адамның пікірі деп қарастыру керек. Тыңдайын. Содан кейін жауабымызды береміз, – деді Әшімбаев.

Әшімбаев Қазақстанның ұлттық мүдделерін қорғап, депутаттар да, СІМ де, ақпарат министрлігі де мұндай мәлімдемелерге уақтылы жауап беретінін айтады.

Толстой не деді

Ресей Мемлекеттік Думасының вице-спикері Петр Толстой «Комсомольская правда» радиосында қазақ қалаларының әуел бастан орыстікі болғанын, сондықтан Ресей Федерациясының оларға тарихи құқығы бар екенін айтқан. 

– Бүгінгі таңда Қазақстанда тәуелсіздікке, латын әліпбиіне көшуге қатысты ұлттық мифология дамып келе жатқан қандай да бір қазақ мемлекетін қалпына келтіру тұрғысынан не болып жатқанын қараңызшы, – деді Петр Толстой.

Ол қазақтар Алматы қаласының 1867-1921 жылдар аралығында Верный атауымен болғанын ұмытпауы керегін айтты.

– Біздің орыс казактарының бекінісі. Ал бұл оқиғаның ұлттық болмыс үшін маңызы зор. Басқа әңгіме ойлап табудың қажеті жоқ, – дейді Петр Толстой.

Оның айтуынша, жердің бәрі Қытайға, қазба байлығы ағылшындарға сатылып кеткеннің өзінде де Ресейден бөлінудің қажеті жоқ. Ол көршілермен «жақсы қарым-қатынаста» болуы керек деп қосты.

Серіктес жаңалықтары