×
$
453.64
€
508.17
₽
5.59
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
453.64
€
508.17
₽
5.59

Жоғары сот кеңесі аппаратының басшысы қызметінен босатылды

Бүгін, 11:12
Жоғары сот кеңесі аппаратының басшысы қызметінен босатылды
ашық дереккөзден

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дәурен Мұратбековті Жоғары сот кеңесінің хатшысы әрі аппарат басшысы қызметінен босатты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Жоғары Сот Кеңесі судьялыққа кандидаттарды іріктеп, оларды тағайындау үшін президентке ұсынады. Мұратбеков 2024 жылдың ақпанынан бері Кеңес аппаратын басқарды.

Мұратбеков туралы не белгілі?

Дәурен Мұратбеков 42 жаста. Ол Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша және Көкшетау университетін «Қаржы» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2006 жылы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде бастаған. Кейін Экономикалық даму және сауда министрлігінде, сондай-ақ Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттікте жұмыс істеді.

2014-2018 жылдары Ұлттық экономика министрлігінің заң департаментін басқарды. Одан кейін бес жыл бойы Президент Әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінде еңбек етті. Ал 2023 жылдың соңында Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметіне тағайындалды.

Контекст

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Сот кеңесін реформалауды ұсынған болатын. Ол 2021 жылы Кеңес құрамынан әділет министрі мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басшысы шығарылғанын еске салып, прокуратура өкілдерін де Кеңес құрамынан алып тастауды ұсынды.

– Судьялардың кәсіби деңгейін бағалау үдерісі объективті болуы керек, – деген еді сол кезде Тоқаев.