Соттың мәліметінше, прокурор бұрынғы әйелін өлтірген күдіктіге 11 жылға соттауды сұраған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бұрынғы әйелін өлтірді деп айыпталған жергілікті тұрғынға қатысты үкім шығарылды.
Толығырақ
Сотта қайғылы оқиға 2024 жылдың 1 ақпанында Сарыкөл кентінде болғандығы анықталды. Ер адам әйелін қылқындырып өлтірген.
Сот
Сотта прокурор кінәлі адамға 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сотталушы кінәсін толық мойындады.
Үкім
Ол 11 жылға сотталды. Сондай-ақ моральдық залал ретінде 20 млн теңге өндірілді.