×
474.83
518.99
5.4
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.83
518.99
5.4

Ақшаны мұздатқышқа жасырған: Университет ректорының ұсталған сәттегі видеосы жарияланды

31.05.2024, 21:05
Ашық дереккөзден

Бейнежазбаны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жариялады, деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.

Кадрларға қарағанда, Антикор қызметкерлері пәтерде тінту жүргізген.

Қызметкерлер мұздатқыштан ақша оралған пакетті табады. 20 мыңдық купюралар екіге бөлінген күйде сақталған екен. 

Бұған дейін

Антикордың жедел уәкілдері Ақтөбе қаласындағы «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КЕАҚ басқарма төрағасы – ректор Әсет Қалиевті ұстап, үйінде тінту жүргізгені белгілі болған еді. 

Ол 12 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген.

Әсет Қалиев Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясын хирургия мамандығы бойынша бітірген. 1997 жылы университетті бітіргеннен кейін Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясының госпитальдық хирургия кафедрасында клиникалық ординатор болып еңбек жолын бастаған.

Қалиев 2022 жылдың қыркүйегінен бастап М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің ректоры қызметін атқарып келген.

Серіктес жаңалықтары