×
459.75
494.14
5.54
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
459.75
494.14
5.54

Батыс Қазақстан медицина университетінің ректоры Әсет Қалиев ұсталды

30.05.2024, 10:58
Фото: ашық дереккөз

Антикордың жедел уәкілдері Ақтөбе қаласындағы «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КЕАҚ басқарма төрағасы – ректор Әсет Қалиевті ұстап, үйінде тінту жүргізген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында «М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КЕАҚ басқарма төрағасы ұсталды, - деп хабарлады Антикордан.

Ол 12 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген.

Әсет Қалиев Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясын хирургия мамандығы бойынша бітірген. 1997 жылы университетті бітіргеннен кейін Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясының госпитальдық хирургия кафедрасында клиникалық ординатор болып еңбек жолын бастаған.

Қалиев 2022 жылдың қыркүйегінен бастап М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің ректоры қызметін атқарып келген.

Серіктес жаңалықтары