×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

Жеті жылға дейін соттайды: Бас прокуратура Ресейге адыраспанды апармауды ескертті

01.06.2024, 13:56
ашық дереккөзден

Құзырлы орган адыраспанға қатысты БАҚ-қа ақпарат таратты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бас прокуратура не дейді

Ресей Федерациясының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "гармала" ("адыраспан") өсімдігі құрамында есірткі немесе психотроптық заттар немесе олардың прекурсорлары бар өсімдіктер тізіміне енгізілген.

– Бұл өсімдікті Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасы арқылы заңсыз өткізгені үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру және бір миллион рубльге дейінгі немесе сотталған адамның бес жылға дейінгі кезеңде жалақысы немесе басқа кірісі мөлшерінде айыппұл түрінде немесе онсыз және бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеумен немесе онсыз қылмыстық жауаптылық қарастырылған, ал өсімдікті аса ірі мөлшерде әкелгені үшін - 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген, – делінген хабарламада.

Ескерту

Осыған байланысты Бас прокутаруа Ресей аумағына демалыс кезінде кететін азаматтар көбейетінін есепке алып, азаматтарға аталған өсімдікті алып жүрмеуді ескертеді.

Серіктес жаңалықтары