×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Илон Маск Ақ үйде қызметке орналасуы мүмкін

02.06.2024, 10:18
Илон Маск Ақ үйде қызметке орналасуы мүмкін
ашық дереккөзден

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп сайлауда тағы да жеңіске жетсе, америкалық миллиардер Илон Маск Ақ үйге жұмысқа тұра алады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

The Wall Street Journal басылымы дереккөзге сілтеме жасай отырып, Маск Трамптың кеңесшісі бола алады деп жазады.

Бұл мәселені кәсіпкер мен саясаткер бір-бірімен талқылап қойғаны айтылады.

– Рөл әлі толық анықталмаған және болмауы мүмкін, дейді келіссөздер барысымен таныс адамдар, бірақ Трамп Маскпен ресми үлес қосу және саясатқа әсер ету жолдарын талқылады, — делінген мақалада.

Еске сала кетейік, 31 мамырда Манхэттеннің (Нью-Йорк) қылмыстық соты Дональд Трампты барлық 34 айып бойынша кінәлі деп тапты. Саясаткер қаржылық құжаттаманы бұрмалады сотқа тартылған еді.

Трамп жұма күні алқабилердің айыптау үкіміне шағымдануға ниетті екенін мәлімдеді. Алайда үкім шығару 11 шілдеге жоспарланған және осы уақытқа дейін күтуге тура келеді.