×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Алматыда Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сот отырысы басталды

Алматыда Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сот отырысы басталды
Фото: видеодан кадр

Адам ұрлап, бопсалады деп айыпталған Гүлмира Сатыбалды Астанадан Алматыға жеткізілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Не болды

Алматыда Гүлмира Сатыбалдаға қатысты басты сот отырысы басталды.

Толығырақ

Сот отырысы Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтеді. Гүлмира Сатыбалдыға кәсіпкерді бопсалады және ұрлады деп айып тағылып жатыр.

Бұған дейін ол Астанадан Алматыға жеткізілген.

Гүлмира Сатыбалды деген кім?

52 жастағы Гүлмира Сатыбалды - Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі. 2005 жылға дейін Қайрат Сатыбалдымен некеде тұрған. Мамандығы – мұғалім. Ортақ үш балалары бар (ұлы Бауыржан және екі қызы: Аружан мен Дария).

Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қайрат Сатыбалдыны қамауға алғаннан кейін арада бірнеше күн өткенде Г.Сатыбалды бизнесті рейдерлік басып алды деген күдікпен ұсталды. Прокурордың айтуынша, тергеу барысында ол Қазақстаннан қашуға тырысқан.

Кейінірек ведомство іс рейдерліктен басқа, Шымкент Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының нақты орындалмаған құрылыс-монтаж жұмыстары үшін төленген 741 млн бюджет қаражатын ұрлау бойынша өтіп жатқанын айтты. Гүлмира Сатыбалды бұл іс бойынша мемлекетке келтірілген залалды өтеген.

Ол не үшін сотталады?

Осы сот процесі аясында Гүлмира Сатыбалдыға Қылмыстық кодекстің бірнеше эпизоды бойынша айып тағылуда: ауыр зардаптарға әкеп соққан озбырлық (389-бап, 3-бөлік); қылмыстық құқық бұзушылықты ұйымдастыру (28-баптың 3-бөлігі); адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы адам ұрлау (125-баптың 2-бөлігі 1.8-бөлігі).

Сотталушының өтініші бойынша сот процесі барысында Гүлмира Сатыбалдыны фото және видеоға түсіруге және жариялауға тыйым салынды.