×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

40°С ыстық: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

03.06.2024, 17:03
Фото: telegra.ph

Қазгидромет мамандары еліміз бойынша 4-6 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алдағы үш күнде республика бойынша ауа райы тұрақсыз болады. Бұл атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты. Сол себептен жаңбыр, найзағай, солтүстік-батыста, солтүстікте бұршақ жауып, екпінді жел күшейеді.

Ал Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды. Атап айтқанда6 еліміздің батысында +30+39 °С-қа дейін, солтүстік-батыста +25+35 °С-қа дейін, солтүстікте +23+30 °С-қа дейін, орталықта, шығыста +25+33 °С-қа дейін, оңтүстікте +35+40 ° С-қа дейін, оңтүстік-шығыста +28 + 35 °С-қа дейін болжанған.

Серіктес жаңалықтары