×
481.84
531.33
5.07
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.84
531.33
5.07

Шет ел агенті: Даулы заңға Грузия парламентінің төрағасы қол қойды

03.06.2024, 21:35
Шет ел агенті: Даулы заңға Грузия парламентінің төрағасы қол қойды
Ашық дереккөзден

Грузия парламентінің төрағасы Шалва Папуашвили  "Шетел ықпалының ашықтығы туралы" даулы заңға немесе елде жаппай наразылық тудырған "шетелдік агенттер туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz 

Грузия Президенті Саломе Зурабишвили бұған дейін үшінші оқылымда 84 Парламент депутаты қабылдаған заң жобасына вето қойған болатын. Алайда парламентшілер 28 мамырда көпшілік дауыспен оны еңсерген еді.  

Батыстағы парламентшілердің бұл қадамы үлкен сын тудырды: Германия елшісі Питер Фишер Грузияда бұл заң күшіне енгенше, елмен ЕО-ға кіру туралы келіссөздер ашылмайтынын айтты. 

"Бүгін мен "шетел ықпалының ашықтығы туралы" заңға қол қойдым, оның басты мақсаты Грузияның саяси, экономикалық және әлеуметтік жүйелерінің сыртқы араласуға төтеп бере алатындығын дәлелдеу", - деді Папуашвили. 

Спикер оппозиционерлерді сынға алып, олар ұлттық мүдделерді "басқа елдердің саясаткерлерінің қошеметімен", ал тәуелсіздікті мойынсұнушылықпен шатастыратынын атап өтті. 

Осылайша, грузин оппозициясы Ресейдің "иноагенттер" туралы Заңынан калька деп атайтын заң күшіне енді. Сейсенбі, 4 маусымда құжат "Заң шығарушы газетте"жарияланды. 

Осы күннен бастап Грузияның Әділет министрлігі 60 күн ішінде барлық нормативтік актілерді әзірлеп, электрондық портал құруы керек, онда шетелдік көздерден қаржыландырудың 20 пайыздан астамын алатын үкіметтік емес ұйымдар шетелдік күштің мүдделерін жүзеге асыратын ұйым ретінде тіркелуге және 2023 жылғы қаржыны декларациялауға міндетті болады. 

Бұған дейін

Грузия оппозициясы Еуропа елдерін "шетел агенті" туралы заңды қабылдағандарға санкция салуға шақырған.

Олар Грузиядағы "адам құқығы мен демократиялық процестердің өрескел бұзылу жайттарына келгенде қатаң позиция ұстануға" үндеген. Мәлімдеме авторларының айтуынша, 1 маусымға қараған түні 60 шақты адам "Біртұтас ұлттық қозғалысының" орталық кеңсесіне шабуылдаған. Күштік құрылымдар оқиғаға кеш реакция білдірген. Бұл Грузиядағы азаматтық және саяси белсенділердің қауіпсіздігіне ірі қатер төніп тұрғандығынан хабар береді дейді олар.