×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

«ҚазМұнайГаз» бен «Лукойл» Каспийдегі кен орнын игеруге $6 млрд инвестиция салады

«ҚазМұнайГаз» бен «Лукойл» Каспийдегі кен орнын игеруге $6 млрд инвестиция салады
Коллаж: Ulysmedia.kz

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мен ресейлік «Лукойл» Каспийдегі кен орнын дамытуға 6 миллиард доллар инвестиция салады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда «Қаламқас-теңіз» және «Хазар» кен орындарын (Каспий теңізінің қазақстандық акваториясындағы кен орындары - Sputnik) игеру жобасы іске аса бастаған.

Жоба бойынша келісімдерге қол қойылды және іске асыру мақсатында Kalamkas – Khazar Operating ЖШС бірлескен кәсіпорын - жоба операторы құрылды, - делінген ведомство хабарламасында.

Министрлік Қаламқас-теңіз-Хазар жобасының қатысушылары «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (50%) және «Лукойл» жақ (50%) екенін еске салды.

Ведомствоның мәліметінше, бірлескен кәсіпорын 2026 жылы «Қаламқас-теңіз» кен орнында өндіруді жедел бастау үшін қазақстандық верфтерде теңіз платформаларын салуды жоспарлап жатыр.

Энергетика министрлігі 2 мыңнан астам жұмыс орны ашылатынын айтты.

Жұмыс «Қаламқас-теңіз» кен орнында болат конструкциялардан жасалған теңіз платформаларын орнатудан басталады, - делінген ведомство хабарламасында.

Министрлік бұл жоба бүкіл елдің экономикалық әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретініне сенімді.

Әлемдік стандарттарға сай келетін мамандарды даярлауға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық дамуға қолайлы мультипликативтік әсер етеді, - дейді ведомство.

Қаламқас-теңіз кен орны Каспий теңізінің солтүстік-шығыс секторының орталық бөлігінде жағалаудан 64 шақырым жерде орналасқан. Мұнда теңіздің тереңдігі 6-7 метр. Кен орнының ұзындығы шамамен 50 шақырым және ені 6 шақырымға дейінгі ұзын және тар құрылым.

Хазар кен орны Қаламқас теңізінен оңтүстік - батысқа қарай 30 шақырым және Бузачи түбегінен солтүстік-батысқа қарай 65 шақырым жерде орналасқан.

Кен орындары барлаудан өтті және Қазақстан Республикасының балансына қойылған расталған қорлары бар. 

Еске салсақ, бұған дейін ресейлік «Лукойл» компаниясының «ҚазМұнайГаз» компаниясымен Каспий қайраңындағы Қаламқас-теңіз, Хазар және Әуезов кен орындарын игеру бойынша бірлескен жобаларға кіру үшін 200 миллион доллар төлегенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Энергетика министрі Сәтқалиев Қазақстанның Ресей «қызыққан» МӨЗ-дері жайлы айтқан еді.