Абай облыстық Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының басшысы Гүлвира Дөненбаеваға қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Пара алды деген күдік бар
Дөненбаева өзінің қарамағындағылар арқылы аудандық қызметкерден өз бөлімшесіне ауысқаны үшін айтарлықтай мөлшерде пара алу бойынша күдікке ілінген.
Жоғарыда аталған лауазымды тұлға пара алу фактісі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Ағымдағы жылдың 20 мамырында облыс прокуратурасы қылмыстық істі сотқа берді. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, - делінген хабарламада.
Антикор не дейді
Сондай-ақ Антикор өкілдері Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептелетінін ескертті.
Еске салсақ, бұған дейін Абай облыстық Полиция департаментінің басқарма бастығы ұсталғанын жазған болатынбыз.