×
450.79
482.21
5.05
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
450.79
482.21
5.05

Антикор Алматы спорт басқармасының қызметкерлерін тергеп жатыр

06.06.2024, 10:08
Фото: Ашық дереккөзден

Алматы қаласы спорт басқармасының және оның ведомстволық бағынысты ұйымының қызметкерлері бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы антикорға сілтеме жасап.

Антикор не дейді

Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде иемдену және ысырап ету фактісі бойынша спорт басқармасы мен Олимпиадалық резервті даярлау орталығының бұрынғы қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

– Олар іс жүзінде еңбек қызметін жүзеге асырмаған адамдарға жалақыны есептеу және төлеу арқылы 56 млн теңгеден астам ақша жымқыру бойынша күдікке ілінді, – делінген хабарламада.

Тергеу жалғасып жатыр

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, агенттік өзге ақпаратты жария етпеді. Әрі олардың кінәсі дәлелденгенше, әрбір адам кінәсіз деп есептелетінін еске салды.

Серіктес жаңалықтары