×
474.83
518.99
5.4
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.83
518.99
5.4

Роналду Instagram-да рекорд жаңартты

06.06.2024, 14:21
ашық дереккөзден

Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду Instagram желісінде орнатып, тарихтағы ең көп лайк жинаған пікір жазды, деп хабарлайды Ulys Sport.

39 жастағы форвард француз шабуылшысы Килиан Мбаппенің жазбасына пікір қалдырып, оның жазғанына 4,5 миллионнан астам қолданушы реакция білдірген. Роналду былай деп жазды:

– Енді менің көретін кезім келді. "Бернабеуде" жарқырап жүргеніңе қуаныштымын, - деп тілек жазды әріптесіне футболшы.

Мбаппенің жазбасын әлеуметтік желінің 23 миллионға жуық қолданушысы ұнатқан. 2009-2018 жылдар аралығында Роналду Реал Мадридте өнер көрсетті, онда ол екі рет Испания чемпионатын, кубогын және Суперкубогын жеңіп алды. Сонымен қатар төрт рет Чемпиондар лигасының жеңімпазы болды. Ол сондай-ақ клуб тарихындағы ең үздік бомбардир атағына ие болып, 438 матчта 450 гол соқты. Қазір португалдық шабуылшы "Әл-Насрда" ойнайды. Биылғы маусымда Криштиану 35 гол соғып, Сауд лигасының рекордын орнатты.

Серіктес жаңалықтары