×
479.38
531.63
5.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
479.38
531.63
5.27

Михаил Кукушкин Сурбитон челленджер турнирінің ширек финалына шықты

06.06.2024, 17:41
Фото: olympic.kz

Әлемнің 136-ракеткасы, қазақстандық Михаил Кукушкин Сурбитон (Ұлыбритания) челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Отандық спортшы екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 308-орында тұрған корт иесі Пол Джубпен ойнаған болатын.

Бірінші партияда ұлыбританиялық спортшы айқын басымдылық танытты – 6:1. Кейін Кукушкин камбэк жасады – 6:3, 6:2.

Екі сағатқа жуық уақытқа созылған бәсекеде Кукушкин 3 эйс, 4 брейкпен (10 брейк-пойнт) көзге түсті. Джубб 3 эйс, 3 брейкке (7 брейк-пойнт) қол жеткізді.

Михаил Кукушкин жартылай финалға шығу үшін әлемнің 201-ракеткасы, тағы бір ұлыбританиялық Билли Харриспен таласады. 

Еске салсақ, бұған дейін қазақстандық теннисші Тенерифе (Испания) челленджер турнирінің чемпионы атанған болатын.

Серіктес жаңалықтары