×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Михаил Кукушкин қатарынан екінші турнирде чемпион атанды

03.03.2024, 18:36
sports.kz

Қазақстандық, әлемнің 165-ракеткасы, 36 жастағы Михаил Кукушкин Тенерифе (Испания) челленджер турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жарысты іріктеу сайыстарынан бастап, финалға дейін жеткен қазақстандық теннисші соңғы бәсекеде әлемнің 156-ракеткасы, 22 жастағы италиялық Маттео Гигантемен бас жүлдені сарапқа салды.

Қарсыластар матчты брейк алмасумен бастады. Дегенмен содан кейін қос брейкке қол жеткізген тәжірибелі М.Кукушкиннің басымдығы айқын көрініс тапты – 6:2.

Екінші сетте де қазақстандық 2:0 есебімен алға кетті. Бұдан кейін М.Гиганте матчты жалғастырудан бас тартты.

Бір сағатқа жуық уақытқа созылған бәсеке барысында М.Кукушкин 3 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды.

Бұған дейін Манама (Бахрейн) челленджер жарысында үздік шыққан қазақстандық теннисші осымен жеңіс сериясын 12 ойынға жеткізді.

Осы табысы арқасында Михаил Кукушкин ATP Live рейтингісінде бірден 140-орынға көтеріліп тұр.

Серіктес жаңалықтары