×
$
453.87
€
508.33
₽
5.65
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
453.87
€
508.33
₽
5.65

АҚШ «шетел агенттері» туралы заң қабылдаған грузин шенеуніктеріне санкция салды

07.06.2024, 09:14
АҚШ «шетел агенттері» туралы заң қабылдаған грузин шенеуніктеріне санкция салды
Фото: Ашық дереккөзден

АҚШ билігі Грузиядағы демократияның шегерілуіне қатысы бар деп таныған ондаған азаматқа, соның ішінде "Грузин арманы" билеуші партиясының мүшелеріне, Парламент мүшелеріне, құқық қорғау органдарының өкілдеріне, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне виза шектеулерін енгізді. Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі Мэттью Миллер ақпарат таратты Ulysmedia.kz порталы Reuters-ке сілтеме жасап.

АҚШ "шетел агенттері" туралы заңға қабылдаған грузин шенеуніктеріне санкция салды
⁣
АҚШ билігі Грузиядағы демократияның шегерілуіне қатысы бар деп таныған ондаған азаматқа, соның ішінде "Грузин арманы" билеуші партиясының мүшелеріне, Парламент мүшелеріне, құқық қорғау органдарының өкілдеріне, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне виза шектеулерін енгізді. Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі Мэттью Миллер хабарлады, деп хабарлайды Reuters. ⁣
⁣
Миллер Вашингтонда Грузия басшылары өз шешімдерін қайта қарайды деп үміттенетінін айтты. Әйтпесе, АҚШ қосымша шаралар қабылдауға дайын екенін ескертті. ⁣
⁣
Мамыр соңында АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен елде жаппай наразылық туғызған "шетел ықпалынң ашықтығы жайлы" заң жобасын қабылдаған грузин шенеуніктеріне виза шектеуінің жаңа саясаты қолданылатынын жариялады. ⁣

Грузияда наразылық туғызған заң
⁣
Блинкеннің айтуынша, кейінгі бірнеше айда басқарушы "Грузин арманы" партиясы "бірлестіктер мен сөз бостандығын жүзеге асыруды тежейтін, Грузия азаматтарына қызмет ететін ұйымдарды стигматизациялайтын және тәуелсіз БАҚ жұмысына кедергі келтіретін" заңды қабылдаған. ⁣
⁣
Грузия парламенті "шетел агенттері" туралы заңға президенттік ветодан өтіп кетті. 3 маусымда ел парламентінің спикері Шалва Папуашвили заңға қол қойды.