×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Bereke Bank мәмілесі: агенттік процес қашан аяқталатынын хабарлады

07.06.2024, 13:25
Bereke Bank мәмілесі: агенттік процес қашан аяқталатынын хабарлады
Коллаж: ulysmedia.kz.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, барлық рәсімдік мәселелер жақын арада шешілуі тиіс, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Агенттік басшысының орынбасары Олжас Қизатов катарлық Lesha Bank-тің Bereke Bank-ті сатып алу мәмілесі қашан аяқталатынын айтты.

Толығырақ

– Катар инвесторы Lesha Bank капиталға кіріп, біздің Bereke Bank-ті сатып алады. Процедуралық тұрғыдан біз жақын арада, осы айдың соңына дейін немесе келесі айдың басында катарлық инвесторлар тарапынан банк холдингі мәртебесін алуға арналған құжаттар пакеті ұсынылады деп ойлаймыз, – деді ол.

Қизатовтың айтуынша, осы құжатты алғаннан кейін Қазақстан тарапы Lesha Bank банк холдингіне мәртебе беру жөнінде мәселе шешіледі.

– Бұл мәселе шамамен осы шілденің соңында аяқталады деп күтеміз, – деді Қизатов.

Бұған дейін катарлық инвестор Bereke Bank-ті 65 млрд теңгеге сатып алғаны белгілі болған.

Хабарламаға сәйкес, Lesha Bank Қазақстандағы Bereke Bank-тің барлық жарғылық капиталын 65 миллиард теңгеге сатып алған, бұл ағымдағы айырбас бағамы бойынша 532 382 681 катар риалына тең.