×
478.58
520.84
5.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.58
520.84
5.44

Демалыс болмайды: ҚМДБ Құрбан айттың ресми басталу күнін жариялады

07.06.2024, 15:27
Фото: Ulysmedia.kz

Мұсылмандар діни басқармасының мәліметінше, Құрбан айт 16 маусымда басталады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Не болды

ҚМДБ бүгін зул-хижжа айы басталғанын мәлімдеді.

Бүгін һижри жыл санауы бойынша зул-хижжа айы басталды. Яғни Арапа күні биыл 15 маусымға сәйкес келеді. 16 маусым – Құрбан айт мерекесінің бірінші күні.

Ислам дінінде қасиетті күндер, түндер және айлар қамари жыл санауы негізінде анықталады. Мұндай жыл санақ ай фазасының өзгеруіне қарай есептеледі. Жаңа айдың (һиләлдың) көрінуімен жаңа ай басталады. Қамари ай кейде 29 не 30 күн болады.

Зул-хижжа айын анықтау үшін зул-қағда айының 29-нда айды бақылайды. Күн батқан кезде жаңа ай көрінсе, келесі күні зул-хижжа айы басталған болып саналады. Егер ауа бұлтты болып, ай көрінбесе, зул-қағда айын 30 күнге толықтырады. Осыған орай, 2024 жылы 6 маусымда жаңа айдың көрінуіне байланысты биыл зұлхижжа айы 7 маусымда басталып, арапа 15 маусымға, ал құрбан айт 16 маусымға сай келеді, – делінген хабарламада. 

Тағы да не

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл мәлімдемеге қатысты түсініктеме беріп, Құрбан айттың басталу күні бастапқыда 17 маусым деп белгіленгенін айтты. Осыған байланысты қазақстандықтар дүйсенбі, 17 маусымда демалады деп жоспарланған болатын.

Демалыс күндеріне келетін діни мерекелерді кейінге қалдыруға болмайды. Сондықтан, бұл демалыс күні болғандықтан, кейінге қалдыру болмайды, - делінген хабарламада.

Бұған дейін

Еске сала кетейік, осыған дейін биыл Құрбан айт мерекесі 17 маусым - дүйсенбіге сәйкес келетіні хабарланған болатын. Бұл күн Қазақстанда демалыс күні болуы керек еді.

Құрбан айт - бүкіл әлемде тойланатын негізгі мұсылман мейрамдарының бірі. Бұл мереке исламдық ай күнтізбесі бойынша зул-хижжа айының 10-күніне сәйкес келеді және мұсылмандардың Меккеге жыл сайынғы қажылық сапарының аяқталуын білдіреді. Мейрамның маңызды бөлігі – құрбандыққа шалынған малдың етін мұқтаж жандарға тарату.

Серіктес жаңалықтары