×
480.55
533.75
5.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.55
533.75
5.36

Украиналықтар Алматыға келетін Placebo тобын «геноцид демеушілері» деп қатаң сынады

07.06.2024, 16:57
Әлеуметтік желіден

Алматыда Park Live фестивалі аясында британдық Placebo тобы өнер көрсетпек, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қыркүйек айының басында Алматыда өтетін Park Live фестивалінің басты мейманының бірі – британдық Placebo тобы болады. 

Дау неден басталды

Украинаның осыны естіген кейбір азаматтары музыканттарды әлеуметтік желілерде жамандай бастаған. 

– Placebo әлеуметтік желілерінде Қазақстанда орыс тілді афишамен баяндама жарияланғаннан кейін топ украин қолданушыларының сынына ұшырады. Сыншылар осылайша музыканттар Ресеймен ынтымақтастығын көрсетіп қана қоймай, Украинадағы соғысқа "демеуші" компаниядан роялти алады деп ашуланады, - деп басылымдар ақпарат таратады.

Фестиваль

Park LIVE музыкалық фестивалі 2013 жылдан 2019 жылға дейін Мәскеуде өткізілген. Онда батыс елдерінің көп өнерпаздары - The Prodigy, Gorillaz, Massive Attack, Red Hot Chili Peppers, The Killers, System of a Down сынды топтар өнер көрсеткен.

2020-2021 жылдары фестиваль коронавирус пандемиясына байланысты өткізілмеді. Ал 2022-2023 жылдары Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін шетел әртістері Мәскеуге аяқ баспай қойды.

Серіктес жаңалықтары