×
$
450.91
522.69
5.33
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
450.91
522.69
5.33

«Мүмкін емес»: Кремль Путин мен Зеленскийдің Майамиде кездесетінін жоққа шығарды

Бүгін, 14:21
«Мүмкін емес»: Кремль Путин мен Зеленскийдің Майамиде кездесетінін жоққа шығарды
Ulysmedia.kz коллажы

Кремль Владимир Путин мен Владимир Зеленскийдің желтоқсанда Майамиде өтетін G20 саммиті аясында кездесуін мүмкін емес деп мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жайы

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков AFP агенттігінің екі саясаткердің кездесуі мүмкін бе деген сұрағына жауап берді.

– Мүмкін емес, – деді ол.

Песковтың айтуынша, Мәскеу мұндай кездесу тек Ресей астанасында өтуі мүмкін деген ұстанымда.

Бұған дейін Зеленский 14-15 желтоқсанда Майамиде өтетін G20 саммиті кезінде Путинмен жеке кездесуге дайын екенін айтқан.

Осыдан кейін Кремль Украина басшысы келіссөзге шынымен ниетті болса, Мәскеуге келе алатынын мәлімдеген еді.

Саммит желтоқсанда өтеді

G20 елдері басшыларының кездесуі 14-15 желтоқсанда Майами маңында өтеді.

Саммитке Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысады деп күтіліп отыр. Бұған дейін Дональд Трамп оны жиынға шақырған.

Бір күн бұрын БРИКС саммиті аясында Тоқаев АҚШ президентінің Оңтүстік және Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілі Серджио Гормен кездесті.

Әңгіме барысында Қазақстан Президенті Майамиге сапарға дайындалып жатқанын айтып, G20 саммиті кезінде АҚШ-пен екіжақты мәселелерді талқылауға ниетті екенін жеткізді.