×
481.68
522.48
5
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.68
522.48
5

Ақтөбеде шатыр басып қалған көліктің ішінен екі адам шыға алмай қалған

08.06.2024, 19:09
Ақтөбеде шатыр басып қалған көліктің ішінен екі адам шыға алмай қалған
ТЖМ

Оларды құтқарушылар алып шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы ТЖМ-ге сілтеме жасап.

Екпінді желдің салдарынан Алматы ауданында қойма ғимаратының шатыры ішінара бұзылу салдарынан 2 жеңіл автокөлік зақымдалған.

- Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары кесу құралдарының көмегімен көліктен өздігінен шыға алмаған 43 жастағы ер адам мен 13 жастағы баланы құтқарды. Медициналық көмек қажеттігі болмады, – делінген хабарламада.

ТЖМ ауа-райының өзгеруін бақылауды және "112" қызметі жіберетін SMS хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды.