×
480.55
533.75
5.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.55
533.75
5.36

Ақтауда қосымша құрылыс салу үшін ағаштар оталды

09.06.2024, 16:27
Куәгердің суреті

Ақтауда жайқалып өсіп тұрған бірнеше сау ағашты құрылыс үшін кесіп тастаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Lada.kz ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Оқиға №27 шағын ауданында болған. Ағаштардың кесілуіне жергілікті тұрғындар куә болды. Ағаштар бұл жерде ондаған жылдар бойы өсіп, олардың биіктігі үшінші қабатқа дейін жеткен дейді куәгерлер.

– Бұл ағаштар суарылмайтынына қарамастан әлі де өсімге тырысқан. 

Бұл қазіргі заманның үрдісі. Кесуге бар, суаруға жоқ, - деп шағымданды тұрғындардың бірі.

Ақтау ТКШ бөлімінде өтініш беруші оған ағаштарды кесуге ресми рұқсат беру үшін барлық тиісті құжаттарды ұсынғанын мәлімдеді. Ол қала шегінде 30 ағашты егу арқылы жасыл желектерді кесуді өтеуге міндеттелген.

Серіктес жаңалықтары