×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қазақстанда шетел азаматы Навальныйды соттаған судьяны қорқытқаны үшін ұсталды – БАҚ

09.06.2024, 17:57
Қазақстанда шетел азаматы Навальныйды соттаған судьяны қорқытқаны үшін ұсталды – БАҚ
Әлеуметтік желіден

Қазақстанда Қырғызстан азаматы әрі Алексей Навальныйдың жақтаушысы қамауға алынды. Ол марқұм ресейлік оппозиционердің ісін қараған судья мен прокурорға қоқан-лоққы жасады деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Медиазонға сілтеме жасай отырып.

29 жастағы Алина Горшенина Мәскеу облыстық сотының судьясы Елена Морозова мен прокурор Елена Колоскованы қорқытты деп айыпталып отыр. 2021 жылы аталған екеуі Химки отырысына қатысқан. Морозова Алексей Навальныйды тұтқындауға жіберген. Навальныйдың ол кезде уланғаннан кейін Ресейге қайта оралған кезі еді.

Қазақстандағы сот бойжеткенді 1 маусымда Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында ұстағаннан кейін 40 тәулікке қамауға алғаны хабарланады. Ол бұған дейін Ресейде сот төрелігін жүзеге асыруға байланысты қатерлер мен зорлық-зомбылық туралы қылмыстық іс бойынша іздеуде болған.

Оны Ресейге экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.

Ulysmedia.kz редакциясы мән-жайды анықтау үшін тиісті органдарға сауал жолдады.

Еске сала кетейік, 16 ақпанда Алексей Навальный Ресейдің Ямало-Ненец автономиялық округіндегі Харп ауылындағы колонияда көз жұмды.

Алексей Навальныйдың әйелі Юлия көпшілік алдында үндеу жариялап, оның ісін жалғастыратынын мәлімдеді.