×
474.83
515.38
5.5
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.83
515.38
5.5

Макрон Ұлттық жиынды таратты: Францияны мерзімінен тыс Парламент сайлауы күтіп тұр

10.06.2024, 08:04
Hannah McKay/AFP

Франция президенті Эммануэль Макрон Еуропарламент сайлауында оңшылдардың сенімді жеңісінен кейін Франция парламентінің төменгі палатасы — Ұлттық жиынның таратылғанын жариялады. Экзитполдар нәтижесі бойынша, "Ұлттық бірлестіктің" тізімі Макронның "Қайта өрлеу" партиясы мен оның одақтастарынан екі есе көп дауыс жинағалы отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тағы да оқыңыздар

Макрон кезектен тыс парламенттік сайлаудың бірінші туры 30 маусымда, ал екіншісі 7 шілдеде өтетінін мәлімдеді. Ол телефон арқылы сөйлеген сөзінде бұл шешімнің маңыздылығын атап өтті:

- Конституциямыздың 12-бабында көзделген консультацияларды өткізгеннен кейін мен парламенттік болашағымызды қайтадан дауыс беру арқылы таңдауды шештім. Сондықтан бүгін кешке Ұлттық жиынды таратамын, - деді Макрон.

Президент еуропалық сайлаудың нәтижесі Еуропаны қолдайтын күштер үшін "жақсы емес" екенін, ал "күшейіп келе жатқан ұлтшылдар мен демагогтар біздің елімізге, сонымен қатар Еуропаға, Францияның Еуропадағы және әлемдегі позицияларына қауіп төндіреді” деп атап өтті.

- Ештеңе болмағандай түр көрсетпейік. Түсіндіруге уақыт келді (...) Мен сіздендің хабарламаларыңызды, не үшін алаңдап отырғандарыңызды естідім әрі оны жауапсыз қалдырмаймын", — деп қосты Макрон.

Француздардың оңшыл көшбасшысы Марин Ле Пен егер француздар алдағы парламенттік сайлауда оған сенім білдірсе, оның саяси күші билікті алуға дайын екенін айтты.

2022 жылғы парламенттік сайлаудың қорытындысы бойынша “Қайта өрлеу" президенттік партиясы мен оның одақтастары Ұлттық жиында 577-ден 250 депутаттық орынға ие болды. Өте оңшыл Ұлттық бірлестікте 88 орын, мойымайтын Франция - NUPES солшыл фракциясында 75, оңшыл республикашыларда 75, социалистік партияда 31 орын болды.

Серіктес жаңалықтары