×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

Финляндия Украинаға сынақтан өтпеген қару-жарақ жіберіп жатыр – БАҚ

Фото: dzen.ru

Финляндия Украинаға өз әзірлемесі бойынша сынақтан өтпеген қару-жарақ жіберіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

РИА Новости-дің жазуынша, бұл туралы Финляндия қорғаныс күштерінің әскери экономика бөлімінің бастығы Микко Хейсканен STT ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеген.

Ол сондай-ақ Финляндияның қорғаныс өнеркәсібінің соңғы инновацияларды жіберу туралы айтты. Генерал-лейтенант олардың кейбіреулері әлі де әзірлеме сатысында тұр. Украинада жинақталған тәжірибе фин технологияларының жаңа түрлерін дамыту үшін пайдалы болады деп есептейді, - деп жазды қоғамдық Yle телеарнасы Хайсканеннің сөзіне сілтеме жасап.

Еске салсақ, сәуір айында Финляндия Украинаға 188 миллион еуроға 23-ші әскери көмек пакетін жіберді. Финляндия премьер-министрі Петтери Орпо ел Киевке тағы бір әскери көмек пакетін беру туралы келісіп қойғанын мәлімдеді. Пакеттердің жалпы қандай қару-жарақ қамтитынын Финляндия билігі әзірге ашып айтқани жоқ.

Еске салсақ, биылдан бастап Финляндия НАТО-ға мүше елдер қатарында. Сәуірде Финляндия сыртқы істер министрі Пекка Хаависто елдің НАТО-ға кіруі туралы құжатқа қол қойды.

Серіктес жаңалықтары