×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

«Шын жүректен өкініш білдіремін»: Туды таптап дауға қалған Игита кешірім сұрады

10.06.2024, 21:15
Ашық дереккөзден

Футзалдан Қазақстан Ұлттық Құрамасының капитаны, қақпашы Лео Игита келеңсіз әрекеті үшін жанкүйерлерден кешірім сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Қайрат” футзал клубының инстаграмм парақшасында видео жариялап, барша Қазақстандық футбол және футзал клубтары мен олардың жанкүйерлеріне, атап айтқанда «Ақтөбе» мен «Астана» футбол клубтарына құрметсіздік танытқаны үшін кешірім сұрады. 

“Кеше Алматыдағы екінші финалдық ойыннан кейін футбол клубтарының атрибуттарына қатысты келеңсіз жағдай болғаны үшін шын жүректен өкініш білдіремін. Біз мұндай оқиғаларға кез келген жағдайда жол беруге болмайтынын және тәрбиеге сыймайтын әрекеттердің болғанын мойындаймыз,” – деді Игита. 

Сондай-ақ Игита 15 жылға жуық Қазақстандағы футзалдың дамығанын және ел футзалында қарсыластарға құрмет пен достық қарым-қатынас әрқашан үстем болғанын қалайтынын жеткізді. 

Еске салайық 

Дау тудырған оқиға  Алматыдағы екінші финалдық ойыннан кейін болған. Игита клубтық автобусқа бара жатқанда жанкүйерлер оның аяғының астына  "Ақтөбе" және "Астана"шарфтары мен жалауларын төсеп қойған. Алдымен ол бұны байқамаған. Артынша қайта айналып соғып атрибуттардың үстінде билеген. Оқиғаның бейнежазбасы желіде таралып, жанкүйерлердің наразылығын тудырды. 

Серіктес жаңалықтары