×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

«Қазақ тілі деген пән оқытылмай ма?»: Белгілі режиссер ана тілін білмейтіндерді сынады

10.06.2024, 23:35
Әлеуметтік желіден

Белгілі режиссер Мұрат Есжан әлеуметтік желідегі парақшасында өз басынан өткен келеңсіз жайтты жазып, қазақ тілін білмейтіндерді сынға алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Режиссер өз басынан өткен жағдайды “қорқынышты көрініс” деп сипаттады.

Есжанның айтуынша оқиға өзі тұратын көпқабатты үйде болған. Жеделсатыға қатарласып мінген екі баладан сегізінші қабатқа апаратын санды басып жіберуді сұраған. Алайда екі бала да оның айтқанын түсінбеген.  Тіпті бірнеше рет қайталаса да ұқпаған балалар жеті санын басып қойған. 

“- Сен орыссың ба? - дедім орысшалап. Шын сұрадым. Кәріс болуы да мүмкін ғой. 
- Нет.  
- Атың кім? 
- Мирас. 
- Мен Сережа, әлде, Саша деп ойладым, - дедім. Жас бала ғой, неге айтып тұрғанымды ұқпады, білем,”- дейдірежиссер.

Белгілі режиссер балалар орыс мектебінде оқыған күннің өзінде қазақ тілі пәні оқытылмай ма, онға дейінгі сандарды қалай білмеуге болады деп жазды. 

““Хабарда” істеп жүргенімде бір мектепке түсірілімге барғам. Орыс сыныбындағы қазақ тілі туралы сюжет. Тоғызыншы сыныптың қазақ тілі сабағына кірдім. Апай тақтаға дәәу қып “Қазақтың шешендік өнері” деген тақырып жазып, шешендік өнердің түрлері, шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау туралы ұзақ толғады. Бағдарлама бойынша сол тақырыпқа келген екен. Үзілісте осы пәнді үздік оқып жүр деген балалардан сұқбат алдық. Одар болса, өзін таныстыратын қарапайым сөздерді құрап айта алмай тұрды…”- деп естелгімен бөлісі Мұрат Есжан.

Бұған дейін

Қазақстанға көшіп келіп, бір жарым жылға уақыт ішінде қазақ тілін жетік меңгерген литвалық азамат Жүсіп туралы жазған едік. 

Серіктес жаңалықтары