Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ерлі-зайыпты Құлыбаевтар мен Altyn Bank АҚ бойынша қаулы жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
2024 жылдың 7 маусымында агенттік басқармасы мынадай қаулыл қабылдады:
№23: Құлыбаев Тимур Асқарұлына Altyn Bank акционерлік қоғамының (China Citic Bank Corporation Limited ЕБ) ірі қатысушысы (жанама) мәртебесін алуға келісім беру туралы.
№ 24: Құлыбаева Динара Нұрсұлтанқызына Altyn Bank”э акционерлік қоғамының (China Citic Bank Corporation Limited ЕБ) ірі қатысушысы (жанама) мәртебесін алуға келісім беру туралы.
№25: АЛМЭКС холдинг тобына Altyn Bank акционерлік қоғамының (China Citic Bank Corporation Limited ЕБ) Банк холдингі мәртебесін (жанама) алуға келісім беру туралы.
Бұл шешімдер Тимур Асқарұлы Құлыбаев пен Динара Нұрсұлтанқызы Құлыбаеваның, сондай-ақ АЛМЭКС холдингтік тобынның Altyn Bank ірі қатысушылары мен банк холдингі мәртебесін алуға рұқсат алғанын растайды.