×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

45 градусқа дейін ыстық болады – ауа райы болжамы жарияланды

11.06.2024, 14:21
45 градусқа дейін ыстық болады – ауа райы болжамы жарияланды
Фото: Ашық дереккөзден

Қазгиромет елдің кейбір өңірлерінде аптап ыстық болатынын ескертті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазгидромет болжамы

Қазгидромет мекемесі 45 градусқа дейін ыстық түсіп, өңірлерде өрт шығу қаупі туындайтынын ескертеді. Алдағы он күнде синоптиктер температура елдің көп аймағында максималды деңгейде көтерілетінін болжайды.

– Ауа температурасы 40, 45 градусқа дейін жоғарылайды. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстарында осындай ыстық түсетіні жөнінде болжам бар. Қостанай облысында 11-20 маусым аралығында ауа 38 градусқа дейін ысиды. Сондай-ақ, бұл облыстарда өрт қаупі жоғары болады, - деп хабарлады Қазгидромет.

Ыстық қана емес, Қазақстанның көп облыстарында найзағай мен желдің күшеюі күтіледі.

Ыстықтан қорғану үшін не істеу керек

Күннің ең ыстық уақыты - сағат 12:00-ден 16:00-ге дейін. Аса қажеттілік болмаса далаға шықпауға және үлкен физикалық күш салуды қажет ететін істермен айналыспауға тырысу қажет.

Табиғи маталардан жасалған ашық түсті жеңіл және кең киім кию керек. Жеңіл шляпалар, күннен қорғайтын көзілдірік тағып, өзіңізбен бірге су бөтелкесін алып жүріңіз.

Организмді шөлден қорғау үшін үнемі су немесе жылы шай, жеміс шырындарын ішу керек.

Косметика қолданбай, теріге күнге күюге қарсы заттарды жаққан абзал.

Ыстық күнде ас мәзірінен майлы, қуырылған және тәтті тағамдарды алып тастауға тырысқан жөн.