×
524.58
551.91
4.93
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.58
551.91
4.93

Қазақстанда 184 млн теңгеге көлік және логистика институтын ашқалы жатыр

11.06.2024, 18:20
Қазақстанда 184 млн теңгеге көлік және логистика институтын ашқалы жатыр
Коллаж: ulysmedia.kz.

Көлік министрлігінің мәліметінше, жаңа бейінді институт құруға 184 млн теңге бөлу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Көлік министрі Марат Қарабаевтан ведомство қандай институт ашпақ екені сұралған.

Жауап

– 184 млн теңгеге ашылады. Мұндай институт өте қажет. Бұл ішкі және халықаралық тәжірибені көрсетеді. Бізде бейінді институт бар. Өнеркәсіп, мұнай-газ салаларында, ауыл шаруашылығындағы негізгі трендтерді зерттеумен айналысатындар бар. Біз халықаралық тәжірибені зерттедік. Біздің барлық көрші мемлекеттерімізде осындай институттар бар. Еуропалық және басқа елдерде. Қазақстанда осындай институт құрылады, - деді министр.

Бұған дейін Көлік және логистика институтын құру туралы қаулы жобасы Ашық НҚА порталында пайда болған болатын. Жаңа акционерлік қоғам Көлік министрлігі жанынан жұмыс істейтін болады. 

Қаражат қайдан алынады 

Қаражатты 2024 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Үкімет резервінен алуды жоспарлап отыр. Түсіндірме жазбаға сәйкес, институт елдің көлік-логистикалық кешенін жоғары білікті және технологиялық шындыққа бейімделген мамандармен қамтамасыз ету үшін қажет.