×
475.03
517.21
5.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
475.03
517.21
5.44

Назарбаевтың экс кеңесшісінің ұлы “Бәйтерек” холдингі төрағасының орынбасары болды

11.06.2024, 19:20
Коллаж Ulysmedia.kz

"Бәйтерек" Басқарма төрағасының орынбасарлары болып Тимур Онжанов пен Жандос Шайхы сайланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлттық холдинг басқармасының басшылық құрамында "Мемсараптама" РМК бас директоры Тимур Қарағойшиннің ұлы "Бәйтерек" басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин,, Нұрболат Айдапкелов, Ерсайын Хамитов, Үсен Ғалым және Вячеслав Сон бар.

Ашық ақпарат көздерінен алынған мәлімет бойынша, 2023 жылы Тимур Онжанов "Астана"халықаралық қаржы орталығында инновациялар жөніндегі бас директор болған. Ол сондай-ақ қаржы саласындағы қызметтермен айналысатын шағын Nautilus RO компаниясын тіркеген.

Оның әкесі Нұрлан Баймолданұлы Онжанов Қазақстанның Германиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

Бұған дейін ол ҚР Президентінің кеңсесін басқарып, Нұрсұлтан Назарбаев туралы "Бітімгер"кітабын жазған. Бұл кітапта тұңғыш Президенттің халықаралық қақтығыстарды реттеудегі еңбегі көрсетілген.

Серіктес жаңалықтары