×
475.18
510.72
5.47
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
475.18
510.72
5.47

Жамбылдық сарбаз жансақтау бөліміне түскен: Әлімжеттік себеп пе?

11.06.2024, 20:55
Ашық дереккөзден

Дәрігерлер сарбаздың жағдайы ауыр екенін айтты. Жамбыл облысы Қордай ауданы Отар ауылындағы №30212 әскери бөлімінде әскери борышын өтеп жүрген 19 жастағы қатардағы жауынгер Нұржігіт Әбділпатта жансақтау бөлімінде жатыр. Анасы айтуынша ұлына “әлімжеттік жасаған” деп хабарлайды Ulysmedia.kz "Азаттыққа" сілтеме жасап. 

Сарбаздың анасына әскери полиция қызметкері хабарласы ұлының ЖРВИ диагнозымен әскердегі медпунктке түскенін айтқан. 

“[Әскери полицей] “уайымдамаңыз, бәрі жақсы” деді. Баламда бәрі дұрыс болса, балам маған хабарлассын дедім. Жексенбі күні балалар ата-аналарына хабарласады. Әскери полицей “жарайды, айтамыз” деді. Түстен соң командирі хабарласып, ұлыңыз жансақтау бөліміне түсті деп айтты. “Есі бар ма?” деп сұрап едім, “ес-түссіз жатыр” деді. Ол – кома ғой,” – дейді сарбаздың анасы. 

Сарбаздың анасына әскердегілер  “ешкім саусағын тигізбеді, бізде ондай жоқ, камералар тұр” деп айтқан. 

Анасы ұлына “әлімжеттік жасалды” дейді. Бірақ бұған жауапты органдар әлі ешқандай ресми мәлімдеме жасай қоймады.
 
Нұржігіт Әбділпатта әскерге биыл мамырда алынған. Ол Шымкенттегі “Авиценна” жоғары медицина колледжінде 1-курста оқып жүрген. Демалыста Қостанайдағы үйіне барғанда әскерге өз еркімен барғысы келетінін айтқан. Анасы “ұлым әскерге сап-сау кетті” дейді. 

Бұған дейін

Тағы бір қиын жағдайға тап болған Алматыдағы Ұлттық ұланның 5571 бөлімінде былтыр құлап, комаға түскен, биыл сәуірде оянған сарбаз Ербаян Мұхтарды туған-туыстары Астанаға жеткізе алмай отырғанын жазған едік.

Ербаянның анасы Гүлсім Қамиева мен әжесі Күләш Смайылова Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Жоғарғы сотқа, Қазақстан халқына тағы үндеу жариялады. Гүлсім Қамиеваның ұлы – қатардағы жауынгер Ербаян Мұхтар былтыр мамырда мерзімді әскери қызметке алынған. 2023 жылдың 4 желтоқсанында түнде Алматыдағы Ұлттық ұланның №5571 бөліміндегі дәретханада құлап, бас-миының ашық жарақатын алған. Орталық клиникалық ауруханасының анықтамасы бойынша, сарбаздың бас сүйегі жарылып, желке сүйегі сынған, ауыр ми жарақатын алған. Әскери бөлім «сарбаз дәретханада өзі құлап, басын кафельге соғып алды» деген. Ербаян Мұхтардың әкесі де, шешесі де бұл нұсқаға сенбейді.

Серіктес жаңалықтары