×
474.83
515.38
5.5
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.83
515.38
5.5

Марқакөлге жету оңайлай ма? Қазақстанның ең ұзын көпірі қашан ашылады

11.06.2024, 22:30
Ашық дереккөзден

Бұл сұраққа ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазақстандағы ең үлкен көпір құрылысының қашан аяқталатыны белгілі болды. Өткел Бұқтырма су қоймасы арқылы өтеді.

Көлік министрі Қарабаевтың сөзінше көпір биыл қолданысқа берілмек.

"Биыл біз Қазақстандағы ең ұзын - 1316 метр көпірді іске қосуды жоспарлап отырмыз. Көпір арқылы Марқакөлге ең қысқа жолдардың бірі өтеді", - деді министр Қарабаев. 

Министр қазіргі уақытта көпір тіректерін салу бойынша жұмыстардың 81% - ы орындалғанын атап өтті. 21 тіректің 17-сі салынды, ал қалған төрт тіректе жұмыс жалғасуда. Сондай-ақ, жұмыстарды орындау үшін қажетті алаңдарды қамтамасыз ететін уақытша технологиялық көпірдің құрылысы толығымен аяқталды.

Қарабаевтың айтуынша, бүгінде Бұқтырма су қоймасы тарапынан адамдар пароммен және айналма жолмен тасымалданады. Қыс мезгілінде жол 6 сағатқа созылуы мүмкін. 

"Енді мұның бәрі болмайды. Марқакөлге баратын жол айтарлықтай қысқарады. Нысан Қазақстандағы ең ұзын және ең үлкен көпір болады", - деп сендірді министр.  

Нысанды республикалық бюджет есебінен аяқтау жоспарлануда, содан кейін көпір жергілікті әкімдіктің балансына беріледі. 

Серіктес жаңалықтары