×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Хамитовтың сыны орынды ма? Ұлттық құрама екінші ойын қатарынан жеңілді

11.06.2024, 23:05
Хамитовтың сыны орынды ма? Ұлттық құрама екінші ойын қатарынан жеңілді
ҚФФ

Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы екінші ойын қатарынан жеңіліс тапты. Спортшылар бұл жолы Әзербайжан құрамасына жол берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бірінші таймда Ян Вороговский мен Максим Самодовтың дәл соққыларынан кейін Қазақстан есепте алға шыққан. 

Алайда бірінші таймның соңында әуелі Эмрели есепті қысқартса, екінші таймда Махмудов пен Байрамов Әзербайжанды алға шығарып, таблодағы қорытынды есепті 3:2-ге жеткізді. 

Бұған дейін 7 маусым күні Ереванда футболдан жолдастық кездесу өтіп, онда Армения Қазақстан құрамасымен кездесті. Біздің команда 2:1 есебімен жеңіліп қалған еді. 

Екі ойында да құраманы уақытша бапкер Руслан Балтиев бастап шыққан. 

Бұған дейін

ММА-ның танымал спортшысы Қуат Хамитов Қазақстанның футболын тағы да қатаң сынға алған еді.

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып Станислав Черчесов тағайындалған еді. 

Ал ҚФФ Черчесовтың жалақысы жария етілмейтінін мәлімдеген. 

Станислав Черчесовтың не себепті Қазақстан құрамасын жаттықтыруға келіскенін жазған едік. Бапкер сұхбатында орыс тілді ортада жұмыс істегісі келгенін айтқан. 

Футзалдан Қазақстан Ұлттық Құрамасының капитаны, қақпашы Лео Игита клубтық автобусқа бара жатқанда жанкүйерлер оның аяғының астына  "Ақтөбе" және "Астана"шарфтары мен жалауларын төсеп қойған. Алдымен ол бұны байқамаған. Артынша қайта айналып соғып атрибуттардың үстінде билеген. Оқиғаның бейнежазбасы желіде таралып, жанкүйерлердің наразылығын тудырған. Игита келеңсіз әрекеті үшін жанкүйерлерден кешірім сұраған еді.