×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Қазақстан ОПЕК + келісімінің талаптарын орындайды

12.06.2024, 10:46
Қазақстан ОПЕК + келісімінің талаптарын орындайды
Фото: ашық дереккөз

ОПЕК+ келісіммен бекітілген тәуелсіз дереккөздердің бағалауына сәйкес мамыр айында Қазақстан тәулігіне 45 мың баррельге міндеттемелерді асыра орындады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

Энергетика министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан осы артық өндірісті өтейді және қосымша ерікті қысқартуларды қоса алғанда, маусым айында міндеттемелерді толық орындайды. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы 2024 жылдың басынан бастап 2025 жылдың қыркүйек айының соңына дейін созылатын өтемақы кезеңі ішінде артық өндірілген көлемді өтейді.

Қазақстан Республикасы алдағы күндері ОПЕК хатшылығына өзінің жаңартылған өтемақы кестесін ұсынады.

Еске салсақ, ОПЕК+ мұнай өндірісін қысқарту жөніндегі келісімді 2025 жылға ұзартты.