×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«АҚШ-тан iPhone әкеп береміз»: Ақтаудың бір топ тұрғыны блогерлерді жазалауды талап етті

«АҚШ-тан iPhone әкеп береміз»: Ақтаудың бір топ тұрғыны блогерлерді жазалауды талап етті
Фото: видеодан скрин

Ақтау қаласының бір топ тұрғыны жалған кәсіпкердің қызметін жарнамалаған блогерлерді жазалауды талап етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бірнеше адам 3 жыл бұрын интернеттегі жалған ақпаратқа сеніп, ақшаларын «АҚШ-тан iPhone сатып алуға» салған. Алданған азаматтар тек алаяқтарды ғана емес, қызметін жарнамалағандарды да жазалау керек деп есептейді.

Олар кінәлі блогерлердің бейнесі бар плакаттарды іліп, талаптарын қойды. Әлеуметтік желіде жәбірленушілердің өтініші түсірілген видео пайда болды.

2020 жылдан бастап, карантиннен бері бізде онлайн сатып алу деген ұғым пайда болды, бірақ шын мәнінде көпшілігіміз бұл мәселелерді дұрыс түсінбейміз, сондықтан олар алаяқтардың құрбанына айналады, тіпті 70 жастағы зейнеткерлерді алдап, оларға сеніміне кіреді, - дейді ашынған жұрт.