×
477.03
521.44
5.43
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
477.03
521.44
5.43

Тоқаев корей инвесторларын «Алатау City» жобасына атсалысуға шақырды

12.06.2024, 18:43
Эскиз: Алматы облысы әкімдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Корей бизнес форумында оңтүстіккореялық инвесторлар мен девелопер компанияларды «Алатау City» ақылды қала» жобасына атсалысуға шақырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қалаларды дамыту және адам өміріне жайлы жағдай жасау саласындағы ықпалдастықты күшейту қажет. Біз Сингапур компанияларымен серіктесе отырып аумағы арнайы экономикалық аймаққа жатқызылған Alatau City атты жаңа «ақылды қала» салуға кірістік, - деді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, бұл шаһарды тек Қазақстан үшін ғана емес, тұтас Орталық Азия үшін жетекші халықаралық хабқа айналдыру жоспарланған. 

Оңтүстік Корея инвесторлары мен девелопер компаниялар осы бастамаға белсенді үлес қосады деп үміттенеміз, - деді Тоқаев.

Оқи отырыңыз: Қағаз-қала немесе Алатау Қорғастың тағдырын қайталай ма

Серіктес жаңалықтары