"Мазмұндама" жобасының авторы, Гарвард түлегі Шыңғыс Мұқан "Ойжұмбақ 2" мультфильмін қазақ тілінде көруге шақырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Шыңғыс Мұқан өз парақшасында алдын-ала тек қазақшасына билет алуға шақырды.
“Ойжұмбақ 2” анимациялық фильмінің сеанстары мынадай:
“Иә, қай кездегідей қазақ көрермендері қағажу көреді. Бұрындары теледидардан түнімен қазақша қосатын. (Оған қарамай, алдын ала тек қана қазақшасына билет алайық,”- деп жазды Шыңғыс Мұқан желідегі парақшасында.
Disney мен Pixar компаниялары «Ойжұмбақ 2», Disney студиясы «Моана 2», «Муфаса: Арыстан патша» анимациялық фильмдерін өз қаражатына қазақ тіліне аударды. Анимациялардың алғашқы аталғаны жақын арада прокатқа шығады.
Осы айдан бастап көруге болады
Disney және Pixar студиясының «Ойжұмбақ 2» анимациялық фильмінде көрермен бой жетіп қалған Райлимен қайта қауышады.
Режиссёр Пит Доктер мен продюсер Джонас Ривераның 2015 жылы шыққан бірінші «Ойжұмбағы» үздік толық метражды анимациялық фильм ретінде екі бірдей жүлде – Оскар» мен «Алтын глобусқа» ие болған. «Ойжұмбақ 2» эмоцияға толы шытырман оқиғасы кинода 2024 жылдың жазынан бастап көрсетіледі
Қазақстанда прокатқа 2024 жылдың 14 маусымынан шығады. Оны еліміздің кинотеатрларынан көруге болады.
Голливуд неге қазақша сөйлемей жатыр
Ulysmedia.kz бұған дейін Голливуд фильмдерін қазақ тіліне аудару мәселесіне үңілген еді. Ұлттық кино орталығы қаңтарда шетелдік фильмдерді дубляждауға конкурс жариялаған. Бірақ ешбір компания оған қатысуға өтінім бермеген. Сол себепті орталық ақпанда конкурсты қайта жариялаған.