×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Досаев 90 жылдық тарихы бар кардиологиялық орталыққа барды

14.06.2024, 17:44
Досаев 90 жылдық тарихы бар кардиологиялық орталыққа барды
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Ерболат Досаев жаңа корпусы ашылған Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтына барды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

90 жылдық тарихы бар көз аурулары институты бүгінде Қазақстан мен Орталық Азия өңіріндегі офтальмологиялық қызметтің флагманы саналады. Институтта жыл сайын 250 мыңнан астам қазақстандық тексеріліп, амбулаториялық ем алып жатыр, 20 мыңнан астам ота жасалып, жүздеген науқас алыс және жақын шетелдерден емделуге келеді.

Жоғары сұраныс пен жоғары технологиялық жедел араласуға, қолайлы жағдай жасауға деген қажеттілікті ескере отырып, институттың Алматыдағы өндірістік базасын кеңейту туралы шешім қабылданды.

Мегаполис басшысы соңғы үлгідегі офтальмологиялық жабдықтармен жарақтандырылған офтальмодиагностика бөлімшесі, консультативтік-оңалту бөлімшесі, рефракциялық хирургия бөлімшесі, лазерлік хирургия және ортокератология кабинеттері, науқастарға барынша қолайлы жағдай жасалған тәулік бойы жұмыс істейтін 30 орындық стационар бөлімшесі орналасқан ҚазҚСҒЗИ жаңа корпусын қарап шықты.

Әсіресе, Ерболат Досаев балалар мен жасөспірімдерде көз ауруларын ерте анықтаудың, сондай-ақ заманауи тәсілдермен алдын алу мен емдеудің маңызын атады.

Бүгінде ҚазҚСҒЗИ мамандары мектептерде балалардың алыстан нашар көрушілігін ерте анықтау үшін скрининг жүргізеді. Алысқа көзі жетпеушіліктің дамуын болдырмау мен емдеу үшін көп елде ортокератологиялық (түнгі) линза әдісі қолданылады. Алайда ҚазҚСҒЗИ бас директоры Нэйля Алдашева атап өткендей, бізде емнің бұл түрі МӘМС-пен қамтылмаған.

Қала басшысы балаларды емдеудің осы түрін қалалық деңгейде енгізу бойынша қолдау көрсету мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

«Қала тұрғындарының, әсіресе балалардың денсаулығы мен өмір сапасы маңызды мәселе, бұл менің жеке бақылауымда», - деді Ерболат Досаев.

Сондай-ақ, Алматы әкімі кардиохирургиялық операциялық блок пен реанимация бөлімшесіне жаңғырту жүргізілген Қалалық кардиологиялық орталықтың қызметімен танысты.

Мұнда кардиологияда жаңа тәсілдер енгізілген TAVI-орталық ашылған. Енді дәстүрлі хирургиялық әдістерге қарсы көрсетілімі бар науқастар көмек ала алады.

Қалалық кардиоорталықта бірегей технологияның арқасында пациенттердің стационарда орташа болуы 8,8-ден 7,5 күнге дейін қысқарды, қабылдау жылына 10 мың пациентке дейін ұлғайды.

Сөз соңында Ерболат Досаев қаланың медициналық қызметкерін келе жатқан кәсіби мереке - Медицина қызметкерлері күнімен құттықтады. Пациенттер мен дәрігерлер үшін заманауи, қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінетінін айта келе, шаһар басшысы медицина қызметкерлеріне еңбегі үшін алғыс білдіріп, қоғамның денсаулығы жолында зор жетістік пен табыс тіледі.