Астанада Ұлттық ұланның сарбазы жас баланы судан құтқарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Астана әкімдігінің ақпаратына сүйенсек, 15 маусымда сағат кешкі 19:50 минутта Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің сарбазы патрульдеу кезінде жас баланы құтқарған. Қаланың 63 мектебінің оқушысы Ақбұлақ өзені жанында болып, өзеннің бір жағынан екінші жағасына өтуге бәсекелесіп, нәтижесінде өздігінен судан шыға алмаған.
Осы уақытта жас сарбаз қатардағы Махмет Әлішер жағдайды жедел бағалап, суға түсіп, 2008 жылы туған жасөспірімді судан құтқарып, жағаға алып шыққан.
Бұл жағдай қайғылы оқиғамен аяқталуы мүмкін еді, алайда жедел әрекеттердің арқасында тағы бір өмір құтқарылған.