×
475.03
517.21
5.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
475.03
517.21
5.44

Путиннің жиені Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды

17.06.2024, 20:05
Ашық дереккөзден

Анна Цивилева — Владимир Путиннің жиені Ресей Қорғаныс министрінің орынбасары болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Анна Цивилева 2023 жылдың сәуір айында "Отан қорғаушылар" ІАҚ қатысушыларын қолдау мемлекеттік қорын басқарды. 

Ал жұбайы Сергей Цивилев 2024 жылдың мамырына дейін Кемерово облысын басқарса, содан кейін Ресей Федерациясының Энергетика министрі болған еді. 

Сонымен қатар, Қорғаныс министрінің орынбасары Сыртқы барлау қызметінің бұрынғы басшысы және Ресей Федерациясының бұрынғы премьер — Министрі Михаил Фрадковтың ұлы Павел Фрадков болды. Павел Фрадков 2021 жылдан бастап Ресей Федерациясы Президентінің Іс Басқарушысының бірінші орынбасары болып қызмет атқарған. 

Бұған дейін

Ресей президенті Владимир Путин Украинамен бейбіт келіссөздерді бастаудың екі негізгі шарттарын атаған. 

Украин әскерін Донецк, Луганск, Запорожье және Херсон облыстарының аумағынан шығару, сондай-ақ Киевтің НАТО-ға кіруден бас тартуы деген еді. 

Серіктес жаңалықтары