×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Германияда жоғалған Қазақстан азаматының денесі табылды

17.06.2024, 19:35
Германияда жоғалған Қазақстан азаматының денесі табылды
Коллаж Ulysmedia

Оның денесінде зорлық-зомбылықтың белгілері бар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Bild басылымы таратқан мәлімет  бойынша, Айгүл Сайлыбаеваның денесі Бенсхайм қаласының шетінен табылған. 

"Мәйіт пластикалық қапта болды, әйел қайтыс болғанға дейін зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Қазір 35 тергеуші бұл істе жұмыс істеп жатыр. Әйелдің үйінде тінту жүргізілді", - деп жазды басылым.

Сайлыбаевамен бір мезгілде оның қайын енесі Наталья Донцова жоғалып кетті. 4 маусымда ол немересін балабақшадан алып, үйіне әкелгені белгілі. Содан бері оны ешкім көрмеген.

Бұған дейін

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров бүгінгі баспасөз мәслихатында 2024 жылдың 5 маусымда Майндағы Франкфурт қаласындағы Қазақстанның бас консулдығына Қазақстан азаматтары жүгінгенін айтады. Олар 2024 жылдың 3 маусымда қызы жоғалып кеткені жөнінде арыз түсірген.

– Бас консулдық өтініш келіп түскен сәттен бастап, ерекше бақылауға алды. Ақпарат түскен сәттен бастап, біздің дипломаттар жергілікі полицияға хабарласты. Полиция жедел іздестіру іс-шараларын бастап кетті. Елдің қолданыстағы заңнамасына сәйкес, қылмыстық істің мән-жайы жария етілмейді. Біздің оған тікелей араласуға құқығымыз жоқ, – дейді Смадияров.

Қазақстанның дипломаттары жоғалған азаматшаның туыстарымен тікелей байланыста.

Оқиғаның мән-жайы

Германияда 2024 жылдың жоғалып кеткен Қазақстан азаматы Айгүл Сайлыбаевты іздеу жарияланғанын бұған дейін хабарлаған едік. 

Бұл жайлы Podslushano.de Instagram парақшасынан ақпарат тарады. 

Айгүл Сайлыбаева 35 Tannbergstraße, Bensheim мекен-жайындағы үйінен кеткен. Содан бері одан хабар-ошар жоқ. Сайлыбаеваның телефоны өшірілген, ал хабарламалар жетпейді. Ол соңғы рет 2024 жылдың 3 маусымында Берлин уақытымен сағат 10:35-те хабарласқан.

Instagram-дағы жарияланымда Айгүлдің күйеуі Александр Донцов пен қайыненесі тарапынан зорлық-зомбылық ұшырауы мүмкін екені айтылады. Ол бұл мәселесін достарына бірнеше рет айтқан. Сайлыбаеваның үш жасар, неміс азаматы Жаклин атты кішкентай қызы бар. Туыстары Айгүлдің ешбір жағдайда қызын тастап кетпес еді дейді.

Айгүлдің туған-ттуыстары Қазақстанның Германиядағы консулдығына жүгінген. Қазір ұшып келіп, іздеуге көмектесу үшін виза алуға тырысуда. Неміс полициясы адамның жоғалуына байланысты іс қозғады.