×
465.28
499.2
5.33
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
465.28
499.2
5.33

Германияда Қазақстан азаматы жоғалып кетті

10.06.2024, 08:48
Фото: instagram.com/podslushano.de

Германияда 2024 жылдың 4 маусымында жоғалып кеткен Қазақстан азаматы Айгүл Сайлыбаевты іздеу жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл жайлы Podslushano.de Instagram парақшасынан ақпарат тарады. 

Айгүл Сайлыбаева 35 Tannbergstraße, Bensheim мекен-жайындағы үйінен кеткен. Содан бері одан хабар-ошар жоқ. Сайлыбаеваның телефоны өшірілген, ал хабарламалар жетпейді. Ол соңғы рет 2024 жылдың 3 маусымында Берлин уақытымен сағат 10:35-те хабарласқан.

Instagram-дағы жарияланымда Айгүлдің күйеуі Александр Донцов пен қайыненесі тарапынан зорлық-зомбылық ұшырауы мүмкін екені айтылады. Ол бұл мәселесін достарына бірнеше рет айтқан. Сайлыбаеваның үш жасар, неміс азаматы Жаклин атты кішкентай қызы бар. Туыстары Айгүлдің ешбір жағдайда қызын тастап кетпес еді дейді.

Айгүлдің туған-ттуыстары Қазақстанның Германиядағы консулдығына жүгінген. Қазір ұшып келіп, іздеуге көмектесу үшін виза алуға тырысуда. Неміс полициясы адамның жоғалуына байланысты іс қозғады.

Серіктес жаңалықтары