Германияда жоғалып кеткен Қазақстан азаматының өлімін ҚР Сыртқы істер министрлігі растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Министрлік марқұмның туыстары Германияда екенін және оларға барлық қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіліп жатқанын айтты.
“Германия қылмыстық полициясының Қазақстан Республикасының Франкфурттағы Бас консулдығына берген ақпаратына сәйкес, 16 маусымда Бенсхайм қаласының маңында әйелдің мәйіті табылды. Криминалистер сот-медициналық сараптама жүргізуде. Өз кезегінде, полицияның ауызша алдын ала берген ақпаратына сәйкес, сыртқы белгілері бойынша мәйіт ҚР азаматы Айгүл Сайлыбаева деп танылды,”- деп жазды СІМ баспасөз қызметі.
ГФР құқық қорғау органдары тиісті тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Бұл іс туралы өзге ақпарат тергеу мүдделері үшін жарияланбайтыны хабарланды.
Бұған дейін
Bild басылымы таратқан мәлімет бойынша, Айгүл Сайлыбаеваның денесі Бенсхайм қаласының шетінен табылған.
"Мәйіт пластикалық қапта болды, әйел қайтыс болғанға дейін зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Қазір 35 тергеуші бұл істе жұмыс істеп жатыр. Әйелдің үйінде тінту жүргізілді", - деп жазды басылым.
Сайлыбаевамен бір мезгілде оның қайын енесі Наталья Донцова жоғалып кетті. 4 маусымда ол немересін балабақшадан алып, үйіне әкелгені белгілі. Содан бері оны ешкім көрмеген.
Еске сала кетейік, бүгін ҚР СІМ өкілі Айбек Смадияров қаза тапқандардың туыстары Германияға барғанын айтқан еді.
Донцованы іздеу жалғасуда.
Оқиғаның мән-жайы
Германияда 2024 жылдың жоғалып кеткен Қазақстан азаматы Айгүл Сайлыбаевты іздеу жарияланғанын бұған дейін хабарлаған едік.
Бұл жайлы Podslushano.de Instagram парақшасынан ақпарат тарады.
Айгүл Сайлыбаева 35 Tannbergstraße, Bensheim мекен-жайындағы үйінен кеткен. Содан бері одан хабар-ошар жоқ. Сайлыбаеваның телефоны өшірілген, ал хабарламалар жетпейді. Ол соңғы рет 2024 жылдың 3 маусымында Берлин уақытымен сағат 10:35-те хабарласқан.
Instagram-дағы жарияланымда Айгүлдің күйеуі Александр Донцов пен қайыненесі тарапынан зорлық-зомбылық ұшырауы мүмкін екені айтылады. Ол бұл мәселесін достарына бірнеше рет айтқан. Сайлыбаеваның үш жасар, неміс азаматы Жаклин атты кішкентай қызы бар. Туыстары Айгүлдің ешбір жағдайда қызын тастап кетпес еді дейді.
Айгүлдің туған-ттуыстары Қазақстанның Германиядағы консулдығына жүгінген. Қазір ұшып келіп, іздеуге көмектесу үшін виза алуға тырысуда. Неміс полициясы адамның жоғалуына байланысты іс қозғады.